Спорт

ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда «Динамоны» жеңді

23 қазан, 02:0248
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Prosports.kz Дереккөз: Prosports.kz

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт алаңда минскілік «Динамомен» кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Буллит сериясына дейін ұласқан ойын 1:2 есебімен қазақстандық команданың пайдасына шешілді. 

Елордалық клуб осылайша үш ойынға созылатын қонақтағы сериясын сәтті бастады. «Барыс» енді Ярославль («Локомотив») мен Қазанға («Ак Барсы») жол тартады. 

Осылайша, «Динамо» соңғы алты ойында да жеңіліп отыр. Ал «Барыс» соңғы ойындарында сәл сәтсіздіктерге ұшырағанымен, қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Осының алдында өз айдынында «Витязді» 3:2 есебімен жеңген болатын.

«Динамо» (Минск, Беларусь) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 1:2 Б (0:0, 1:1, 0:0, 0:0, 0:1).

Шайба соққандар: 1:0 — 33:39 Паре (Шор, Принс). 1:1 — 39:54 Петухов (Блэкер, Старченко). 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх