Қоғам

Келесі жылы көпбалалы отбасыларын қолдау бағдаралмасына өзгеріс енгізіледі – Б.Сапарбаев

08 қараша, 23:0044
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы: Валерий Бугаев Фото авторы: Валерий Бугаев

ҚР Премьер-министрінің оырнбасары бастаған үкіметтік жұмыс тобы Ақсу қаласы мен қаланың ауылдық аймағына барды. Вице-премьер осы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске қосылған мүгедек балаларға арналған «Ортопрот» сауықтыру орталығында болды, деп хабарлайды Елорда Инфо Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықта бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі тірек-қозғалыс апапарытының ауытқушылығы бар балаларға қызмет көрсетіледі. Аталған орталық қызметкерлері вице-премьерге мұнда балалардың моральдық-психологиялық және медициналық сауықтырлуы үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.  

«Бұл – қаладағы сауықтыру қызметтерін көрсететін жалғыз орталық. Орталық ашылғаннан бері біз тірек-қозғалыс аппаратының ақауы бар 15 баланы аяққа тұрғыздық. Бұл біз үшін өте жоғары көрсеткіш», – деді «Ортопрот» фирмасының директоры Айгүл Қамиева.

Орталықта ортопедиялық бұйымдар жасаумен де айналысады. Олардың қатарында құны 25 мың теңгені құрайтын ортопедиялық аяқ киімдер де бар. Орталық жыл сайын 1000 жұп аяқ киім жасап шығарады. Бердібек Сапарбаев орталықтың қызметіне оң баға беріп, оның ұжымы мен тәрбиеленушілеріне сәттілік тіледі.

Бұдан кейін Премьер-министрдің орынбасары Евгеньевка ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ұжымымен жүздесті. Амбулатория төрт мыңға жуық тұрғынға бастапқы медициналық-санитарлық, диагностикалық және стационарлық көмек көрсетеді.

Жұмыс сапарының соңында үкіметтік топ ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Бердібек Сапарбаев ел Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы міндеттердің жүзеге асырылуы туралы айтып берді.  Ол мемлекет мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдауды күшейтетінін атап өтті.  

«Мемлекет азаматардың әл-ауқатын арттыру бойынша үлкен жұмыс атқарып жатыр. Келесі жылдан бастап көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бағдаралмаларына өзгерістер енгізіледі. Егер бұрын әлеуметтік көмек алушылар өздерінің шынайы табыстарын жасырып жатса, 2020 жылдан бастап мұндай фактілерге жол берілмейді. Сонымен қатар үкімет ұстаздардың мәртебесін көтеріп, олардың жалақысын екі есе арттыруды жоспарлап отыр», – деді вице-премьер.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Бердібек Сапарбаевтың Павлодар облысының жастарымен кездескені туралы хабарлаған болатынбыз. 




Наверх