Өңірлер жаңалығы

«Қазқұтқару – 2019» құтқару бөлімшелері жарысының қорытындысы жарияланды

20 қыркүйек, 14:2859
Автор: Elorda Aqparat
Фото ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметінен Фото ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметінен

Алматы облысындағы Тамғалы Тас шатқалында «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында өткен «Қазқұтқару-2019» 24-ші республикалық жиын-семинары аяқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазқұтқару-2019» жиын-семинарының негізгі мақсаты – авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру, құтқару бөлімшелерінің іздестіру-құтқару жұмыстарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, өзара іс-қимылды пысықтау және құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе алмасу.

«Қазқұтқару-2019» 24-ші республикалық жиын-семинарының салтанатты жабылуына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Асылхан Құдайбергенов қатысты.

10 күн бойы жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы құтқару көпсайысы бойынша жарыстардың күрделі кезеңдерінде жарысты.

«Қазқұтқару-2019» жиын-семинарына құтқару бөлімшелерінің 16 командасы, оның ішінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 14 жедел-құтқару жасағы: Республикалық жедел-құтқару жасағы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-сұлтан және Шымкент қалалары ТЖД Жедел-құтқару жасақтары және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінен 2 команда қатысты.

Фото ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіненФото ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметінен

Фото ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіненФото ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметінен

Сонымен қатар қатысушы командалар арасында құтқару технологиялары бойынша семинар және авариялық-құтқару жабдықтары мен жарақтарының жаңа үлгілерінің көрмесі өткізілді.

«Орташа айқындалған жер бойынша Кросс» жарыс кезеңдерінің қорытындысы бойынша орындар келесі түрде бөлінді: 1-орын – Нұр-сұлтан қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, 2-орын – Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, 3-орын – Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы №28237 әскери бөлімі иеленді.

Сонымен бірге команда қатысушылары «Күштік жаттығулар кешені» дистанциясында 1-ші орында Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, 2-ші орында Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, 3-ші орында Шығыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы.

«Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясында 1-орында – Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы; 2-орында – Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, 3-орында – Республикалық жедел-құтқару жасағының командасы.

«Табиғи орта жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары» дистанциясында Республикалық жедел-құтқару жасағы үздік атанды, екінші орында – Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, үшінші орында – Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы.

«Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясының жеңімпазы Республикалық жедел-құтқару жасағының командасы болды, екінші орында – Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, үшінші орында - Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы.

Фото ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметіненФото ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметінен

Барлық дистанциялардан өту нәтижелері бойынша «Қазқұтқару-2019» 24-ші жиын-семинарының жеңімпаздары Республикалық жедел-құтқару жасағының командасы болды. Екінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары иеленді. Үшінші орынды Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх