• USD 343
  • EUR 397
  • RUB 5.45


Спорт

Қазақстандық спортшы алғаш рет қысқы паралимпиада ойындарының чемпионы атанды

14 наурыз, 14:5391

Бүгін қазақстандық спортшы Александр Колядин қысқы паралимпиада ойындарында шаңғы жарысы бойыша классикалық әдіспен 1,5 шақырымдық спринтерлік жарыста жапон, фин және канадалық спортшыны жолда қалдырып, алтын медалға ие болды. Ол қашытықты 4:19,7 секундта бағындырды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұл қазақстандық паралимпиада құрамасы үшін қысқы спорт түрлерінен алған алғашқы алтын медаль.

Александр Колядин - ҚР спорт шебері, алты дүркін ел чемпионы,  «PyeongChang2018»  ойындарындағы ҚР Ұлттық паралимпиада құрамасының капитаны.

 Ол 1973 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1997 жылы үшінші деңгейдегі мүгедек атанды. Аяғына протез салынған спортшы 2013 жылдан бастап шаңғы спорт түрлерімен жаттыға бастады.  Бұған дейін 2014 жылы Сочиде өткен паралимпиада ойындарына қатысқан болатын.

Айта кетейік, Пьенчханда өтіп жатқан паралимпиада ойындарында 80 медаль жиынтығы ойнатылады. Ойын бағдарламасы тау шаңғысы спорты, биатлон, шаңғы жарысы, хоккей-следж, сноуборд және арбадағы кёрлинг жарыстарынан тұрады. Қазақстан паралимпиадада шаңғы жарысы мен биатлон жарыстары бойынша өнер көрсетеді.

Қысқы паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты 18 наурызда өтеді.


Наверх