• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

«Қазақстан» спорт кешенінің маңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі дәстүрлі түрде өтетін болады

12 қыркүйек, 18:4151
Автор: Elorda Aqparat
Фото: 24.kz Фото: 24.kz

14 қыркүйектен 30 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері Қажымұқан көшесі, 9 мекенжайында қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрақты түрде өтіп тұрады, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Аталған жәрмеңкеге Қарағанды облысы және Ақмола облысы Целиноград ауданының кәсіпкерлері мен тауар өндірушілері қатысады.

Қосымша ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан келесі телефон нөмерлері арқылы білуге болады: 8 (7172) 55-69-78, 55-68-99.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх