Билiк және саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев француздың белгілі саяси қайраткері Жак Атталиді қабылдады

08 қараша, 21:2346
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ақорда сайтынан алынды Фото Ақорда сайтынан алынды

Қасым-Жомарт Тоқаев француздың белгілі саяси қайраткері, «Attali and Associes» ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо Ақораның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары, соның ішінде Франция Президенті Эммануэль Макронның алдағы уақытта Қазақстанға жоспарланған ресми сапарының барысы талқыланды.

Француз саясаткері Қазақстан Президентіне кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға берді.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх