• USD 385
  • EUR 434

Билiк және саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті

12 қыркүйек, 22:0061
Автор: Elorda Aqparat
Фото: @aiqapnews Фото: @aiqapnews

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті. Бұл туралы Президент Телерадиокешенінің директорлар кеңесінің төрағасы Берік Уәли Fasebook желісінде бөлісті, деп хабарлайды Елорда Инфо

Мемлекет басшысының қытайлық белгілі бизнесменмен кездесуі барысында әлемдік экономика, электрондық сауда мен кәсіпкерлікті дамыту тұрғысында пікір алмасты.  

Джек Маны Қытай Халық Республикасының 70 жылдығымен және Alibaba Group компаниясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаған Қазақстан Президенті екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікте заманауи технологиялардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мен сіздің Қазақстанға қолдау көрсету жөніндегі ниетіңізді жоғары бағалаймын. Қазақстан мен Қытай арасында цифрлы экономиканы дамыту жөнінде стратегиялық келісімшарт бар. Сіздің де осыған атсалысуыңыз біз біз үшін маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде әлемдегі ең бай адамдардың бірі Джек Ма Қазақстанда бірнеше мәрте болғанын, қазақ елінің мәдениетінен ерекше әсер алғанын атап өтті. Сондай-ақ ол қазақстандықтармен өзінің тәжірибесімен бөлісуге әзір екенін жеткізді.

 

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх