• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Қалалық мәслихат депутаттары аула клубтарының жұмысымен танысты

12 қыркүйек, 11:1546
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Мәслихат депуттары Нұр-сұлтан қалалық әкімдігінің «Астана жастары» КММ аула клубтарының ішінен «Жас қанат» және «Шағала» клубтарына барды, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

«Астана жастары» КММ басшысы Ч.Тілеулин балаларды жан-жақты дамыту үшін жүргізілетін секциялар, жұмыс шарттары мен алдағы жоспарларымен таныстырды. 

Аула клубтарының тынысымен танысқаннан кейін депутаттар жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру үшін бірқатар ұсыныстарымен бөлісті. 

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Айта кету керек, аула клубтары көпфункционалды мәдени-спорттық орталықтар қызметін атқарады. Онда тәрбиеленіп жүрген жасөспірімдер мен балалар қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларға белсене қатысады.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Араларында Болгария, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Венгрия, Италиядағы додаларда жеңімпаз атанғандар да бар.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх