• USD 385
  • EUR 434

Қылмыс және оқиғалар

ІІМ жыл басынан бері 800-ге жуық сайтты бұғаттады

12 қыркүйек, 16:1369

ҚР Ішкі істер министрлігі елімізде заңсыз жұмыс істейтін сайттармен күресуде, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Елімізде тыйым салынатын интернет ресурстарды анықтауға қатысты министрлік тиісті шараларды жүргізіп жатыр. Оның ішінде, балалардың адами, дене құрылысының дамуы мен психикасына әсер ететін сайттар да бар. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің атынан әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашып заңсыз және балаларға қарсы қылмысқа итермелеуге бағытталған контенті бар интернет ресурстарды айқындау жұмысы қолға алынды. Жыл басынан бері интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу арқылы 6 мыңға жуық порнографиялық сайт анықталды. Нәтижесінде оның 800-ге жуығы бұғатталды», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх