Тұрғын үй алаптары

«Гранитный-1» тұрғын үй кешені жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

19 қыркүйек, 08:32256
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Кешкі аралау кезінде Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысанына қайта барып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

«Гранитный-1» тұрғын үй кешені тұрғындары әкіммен бірінші рет кездесу барысында аумақты абаттандыруды сұрады. Тұрғындар осы мәселенің тез шешілетініне күмәнданған болатын.

«Балаларымызбен аулаға қуана шығамыз. Ауламыз абаттандырылды. Футбол алаңы орнатылды», - дейді үй тұрғындары.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі А.Көлгінов аулалар мен кіреберістер қауіпсіз және жайлы тұру үшін бейнебақылау камералары орнатылатынын атап өтті.

Барлығы 192 үлескері бар ғимарат 2013 жылы проблемалық деп танылды. Басты мәселені шешу үшін қазір үйдің жобалық-сметалық құжаттары, жер телімін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде. Үй пайдалануға осы жылдың соңына дейін беріледі. Тұрғындар өз пәтерлерінде тіркеле алады.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Айта кетейік, қалада барлығы 51 проблемалық нысан (76 үй) бар. Жыл соңына дейін 10 үй пайдалануға беріледі. Ұзақ құрылыс жұмыстарының барысын «Nur Otan» және мәслихат депутаттары бақылайды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх