Қоғам

«Жусан» операциясы туралы кітап жарыққа шығады

10 қазан, 15:4765
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

«Жусан» операциясы туралы кітапты шығару мақсатында «Меломан» кітап дүкендерінің желісімен келісім жасалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Жусан» операциясы туралы «Меломан» кітап дүкендерінің желісімен бірге кітап шығаруға келістім», - деп жазды ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында.

Еске сала кетсек, жыл басында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Ол бойынша 2019 жылдың 6 қаңтарында құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылған болатын.

Сондай-ақ, биыл мамыр айының басында аталған шара өз жалғасын тауып, «Жусан-2» операциясының нәтижесінде 59 әйел мен 156 бала елімізге оралды.

Осыдан кейін Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов «Жусан» операциясы негізінде деректі көркем фильм түсіру туралы бұрынғы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдаған еді.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх