• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Қоғам

Жол жөндеуге елордадағы Ж. Ташенов көшесі жарым-жартылай жабылады

16 мамыр, 10:0467

16-21 мамыр аралығында Ж. Ташенов тұйық көшесі мен Таха Хусейн көшесі бойында жатқан Ж. Ташенов көшесі көлік құралдарының қозғалысы үшін жартылай жабық болады, деп хабарлайды Елорда инфо

"2017 жылы Ж. Ташенов көшесінде «Астана Су арнасы» МКК шаруашылық-тұрмыстық кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілген болатын. Шұңқырдың тереңдігі 4,5-5 метрді құрады. Ж. Ташенов көшесіндегі № 9 үйдің аумағында жөндеу жұмыстарына байланысты асфальтбетонды жабыны шөгіп қалды", - делінген хабарламада. 

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын жөндеу аясында жоғарыда көрсетілген учаскеде жол жабынын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

"Осыған орай, мамырдың 16-сынан (14:00 с.) 21-іне (6:00 с.) дейін Ж. Ташенов тұйық көшесінен Таха Хусейн көшесіне дейінгі Ж. Ташенов көшесінің учаскесінде автокөліктердің қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі", - деп мәлімдеді.

Осы орайда, Басқарма қала тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет екенін сұрайды.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх