• USD 343
  • EUR 397
  • RUB 5.45


Қоғам

Желтоқсан көшесі бойынша қозғалыс 1 шілдеге дейін ішінара жабылады

14 маусым, 10:2320
Автор: Elorda Aqparat

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы  Желтоқсан көшесі бойынша С. Сейфуллин көшесіндегі учаскеден Московская көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлайды.

"Осыған байланысты автотранспорт құралдарының қозғалысы көрсетілген учаскелерде 1 шілдеге дейін жабық болады", - делінген хабарламада. 

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары қала көшелерінде кептеліс тудырмас үшін өздерінің жүру бағыттарын ертерек жоспарлап алғандары дұрыс.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар


Наверх