• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Қоғам

Есілдің сол жағалауында қарттарға арналған оныншы шағын-орталық ашылды

16 мамыр, 09:24120

 «Есіл» ауданының аға буын өкілдері «Номад» ТҮК-де  қарт адамдарға арналған шағын-орталықтың ашылуына куә болды. Бұл сол жағалаудағы санақ бойынша бүгінге дейін ашылып отырған оныншы орталық, деп хабарлайды Елорда инфо.

 

Айта кету керек, бұл іс-шараны Ұлы Жеңістің 73-жылдығына орай «Есіл» ауданы әкімінің аппараты және «Есіл» ауданының Ардагерлер кеңесі ұйымдастырып отыр.

Шағын орталықтың ашылуына «BI group» компаниясы демеушілік жасап, ғимарат тарту етіп, жиһаз және құрал-жабдықтармен жабдықтаған.

Шағын-орталықтың ашылу салтанатында «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары Арайлым Елімсарина баршаны Ардагерлер кеңесінің тарихында орын алған елеулі оқиғамен құттықтады. Сондай-ақ аға буынға ғажап тұрғын үй кешенінен осындай шағын орталық үшін 20 шақты кісіге лайықталған баспана сыйлаған «BI group» компаниясының еншілесі «Астана ЖилСервис НС» ЖШС-нің директоры Салтанат Кездікпаева мен қызмет көрсету сапасы жөніндегі менеджер Марлен Сүйіншалиевке алғысын білдірді. 

«Ендігі уақыттан бастап, бұл шағын орталықта қарт адамдар өздерінің бос уақыттарын өткізіп, баспа басылымдарын оқып, шахмат пен дойбы ойнап немесе бір пиала шай ішіп, кездесулеріне болады», - деді Арайлым Елімсарина.

Шараны ұйымдастырушылар шағын-орталыққа шай сервизі, шахмат, домино және үлкен заманауи әдебиет ассортименті  сынды естелік сыйлықтар тарту етті.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх