• USD 327
  • EUR 398
  • RUB 5.83

Қоғам

Есіл ауданының 816 тұрғыны жаңа үйлерге көшіріледі

10 қаңтар, 17:01180
Автор: Elorda Aqparat
Көрнекі сурет Көрнекі сурет

«Апатты үйлерді бұзу» жобасын жүзеге асырудың аясында осы жылы Есіл ауданында апатты жағдайдағы 15 үй бұзылады деп жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімдігінің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2018 жылға арналған жоспарлары жөніндегі есебінде айтылды, деп хабарлайды Елорда инфо.

«Есіл» ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауданда «Апатты үйлерді бұзу» жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Ағымдағы жылдың өзінде «Есіл» ауданының 816 тұрғыны жаңа үйлерге көшіріліп, олардың үй мәселесі шешімін таппақ.

«Апатты үйлерді бұзу» жобасын жүзеге асыру аясында 2018 жылы «Заречный» тұрғын үй алабындағы 4 үй (54 пәтер), «Пригородный» тұрғын үй алабындағы 10 үй (152 пәтер) және «Газовая аппаратура» зауыты ауданда орналасқан 1 үй (8пәтер) сүріледі деп жоспарлануда. Осылайша 223 пәтерде тұратын 816 адамның баспана мәселесі шешілмек», - делінген мәліметте.

Тұрғындар Астана қаласының сол жағалауындағы жаңа үйлерге көшірілетін болады.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх