• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Есіл ауданында ашық әкімдік алаңы ашылды

12 қыркүйек, 12:01102
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Бас қаладағы Есіл аудандық әкімдігінде «Open Akimat» халыққа қызмет көрсету алаңы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Президент өз сөзінде әкімдіктің ашық түрде жұмыс істеуін айтып өтті. Бұл алаңның да идеясы сол – ашықтық және қолжетімділік. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жол бермеу. Яғни халыққа қызмет жабық кабинетте емес, ашық алаңда көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл жерді маусымдық сұрақтарды шешу алаңы деп айтуға болады. Мысалы, жаздыгүні балаларды мектепке дайындық жұмыстары, қазіргі уақытта қысқа дайындық мәселелері, ал қыстыгүні қар тазалау, ПИК-тің қызметіне қатысты сұрақтар дәл осы жерден шешілетін болады. Ашық әкімдіктен бөлек, бізде барлық аудандық әкімдіктерде «Адалдық алаңы» жұмыс істейді. Ол жерде де халыққа көрсетілетін қызметтің адал әрі ашық түрде жүзеге асырылуы қамтамасыз етіледі», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов алаңның ашылу салтанатында.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ендігі уақытта азаматтар түрлі профильдегі мамандардың қызметтерін «бір терезе» қағидаты арқылы ашық әрі кедергісіз ала алады.

«Қазіргі күні республика бойынша 400-ден астам осы секілді фронт-кеңселер халыққа қызмет көрсетуде. Мақсат – әр тұрғын өзін толғандырған сұрақтардың жауабы мен қызметткерді қолжетімді және сапалы түрде алуы тиіс. Ендігі уақытта қалған Алматы және Байқоңыр аудандарында осы секілді орталық ашылуы керек», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Сондай-ақ, бұл жерде қабылдау бөлмесі, қызмет көрсету бөлмесі, балалар бұрышы, кітапхана, өз-өзіне қызмет көрсету аймағы, азаматтарды қабылдауға арналған кабинет бар.

Одан бөлек, азаматтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Тұрғын үй қоры, Жұмыспен қамту орталығы, Қазпошта және аудан әкімдігінің қызметтерін электронды кезекке тұру арқылы ала алады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх