• USD 329.1
  • EUR 385.5
  • RUB 5.4


Қоғам

Ертең Астана әкімі орынбасарларының халықпен есептік кездесуі басталады

14 ақпан, 12:12123

Астана қаласының әкімі орынбасарларының халықпен кездесуі 2018 жылдың 15-21 ақпан күндері аралығында өтеді, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үлестік құрылысқа қатысты және жолаушылар транспорты, құрылыс нысандарының сапасы мен ескі және апатты үйлерді сүру туралы сұрақтарға әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошун жауап береді. Кездесу Бейбітшілік көшесі, № 1 мекенжайда орналасқан «Астана» концерт залында 15 ақпан, сағат 10.00-де басталады.

Инфрақұрылымның дамуына қатысты (жол құрылысы, саябақ, гүлзар, кәріз т.б.), тасқын су, экология, қала тіршілігін қамтамасыз ету және авария салдарынан сөніп қалу туралы мәселелерді әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхаметовпен бірге талқылайды. Қалалықтар өздерінің сұрағын «Астана» концерт залында 16 ақпанда, сағат 10.00-де өтетін кездесуде қоя алады.

Ал 20 ақпан күні Ермек Аманшаевпен «Астана» концерт залында болатын кездесуде білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, жастар саясаты, сонымен қатар дін мәселелері туралы өзекті сұрақтар талқыланады. Басталу уақыты – сағат 10.00.

Инвестиция тарту, инновацияны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау туралы 20 ақпан күні сағат 15-те Тәуелсіздік даңғылындағы «Нұр Отан» ғимаратында әкімнің орынбасары Малика Бектұрованың қатысуымен есептік кездесу барысында талқыланатын болады.

Есептік кездесу 21 ақпан күні Тәуелсіздік даңғылындағы «Нұр Отан» ғимаратында аяқталады. Әкімнің орынбасары Асқар Амрин жер учаскесін ұсыну, коммуналдық тұрғын үй қорындағы пәтер және әлеуметтік көмек көрсету, мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуды өткізуі турасында айтады.

Кездесу сағат 10.00 басталады. 

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар


Наверх