Билiк және саясат

Ерлан Тұрғымбаев БҰҰ Террорға қарсы басқармасының басшысымен кездесті

09 қараша, 09:5937
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР ІІМ баспасөз қызметі Дереккөз: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Террорға қарсы басқармасының басшысы Владимир Воронковпен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР Ішкі істер министрі лаңкестіктен азат әлемге қол жеткізу үшін Тәртіп кодексін ілгерілету бойынша БҰҰ КТБ көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Ерлан Тұрғымбаев Орталық Азиядағы терроризмге қарсы жаһандық стратегияны іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарының іске асырылуы туралы хабардар етті.

БҰҰ КТБ басшысы терроризм мен экстремизмнің алдын алудың кешенді шараларын іске асырудағы Қазақстанның көшбасшылығын атап өтті, оның ішінде Қазақстан Республикасының террористік қауіп-қатерлерден аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Будапешт қаласында өткен «Терроризмге алып келетін радикализмнің алдын алу: аймақтық саясат шаралары және тәуекелдерді азайту» атты халықаралық конференцияға қатысқанын хабарлаған болатынбыз.




Наверх