Билiк және саясат

Ерлан Тұрғымбаев Будапешт қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысты

08 қараша, 21:4145
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ҚР ІІМ баспасөз қызметі Дереккөз: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Будапешт қаласында өткен «Терроризмге алып келетін радикализмнің алдын алу: аймақтық саясат шаралары және тәуекелдерді азайту» атты халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференция барысында БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Венгрияның, Ұлыбританияның, АҚШ пен Швецияның құзыретті органдарының өкілдері террористік әрекетті насихаттауға қарсы іс-қимыл мәселелерін, жастарды экстремизмнің алдын алу шараларына және оларды күреске тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ шетелдік террорист-содырлардың елге оралу тәуекелдерін талқылады.

Конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде министр Ерлан Тұрғымбаев ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық негізгі бастамаларына назар аудара отырып, Қазақстанның терроризмге және басқа да заманауи сын-қатерлерге қарсы тұру стратегиясы туралы хабардар етті.  Нәтижесінде осы бастамалар шеңберінде 2018 жылдың қыркүйек айында Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясы барысында лаңкестіктен еркін бейбітшілікке қол жеткізу үшін Тәртіп кодексіне қол қойылған болатын. Бүгінде оған 80-нен астам БҰҰ-ға мүше мемлекет қосылған. 

Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимылдың тиімді мысалдарының бірі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауымен Қазақстан азаматтарын Сириядан қайтару бойынша гуманитарлық операциясының жүргізілуі болды. Соның нәтижесінде Отанына 500-ден астам қазақстандық азамат эвакуацияланды. Олардың көпшілігі – әйелдер мен балалар. Қайта оралғаннан кейін оларға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, бейбіт өмірге бейімделуге және оңалтуға қажетті көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар Қазақстанға қылмыстық жауапкершілікке тартылатын халықаралық террористік ұйымдар құрамында Сирия аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар қайтарылды.

Қазақстанның өз азаматтарын жауынгерлік іс-қимыл аймақтарынан қайтару тәжірибесі БҰҰ Бас хатшылығы мен халықаралық конференцияға қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

ІІМ басшысы сондай-ақ Қазақстанда қайтарылған адамдарды радикалды идеологияға қайта тартуға жол бермеу және түзеу мекемелерінде оның таралуын болдырмау үшін кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Дерадикализация жүйесі әзірленуде, сотталғандармен жұмыс жүргізетін теологиялық оңалту қызметі құрылды.

«Қазақстан басшылығы жаһандық деңгейде терроризмге қарсы күрес үшін әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық шаралары қажет екеніне сенімді», – деді Ішкі істер министрі.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх