Қоғам

Елорданың тағы бір проблемалы нысаны жанданды

08 қараша, 11:1364
Автор: Elorda Aqparat

Таңертеңгі аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарына барды. «Жағалау-4» (полигон 3) тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталуы керек еді, алайда құрылыс жұмыстары тек осы жылы ғана басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Тұрғын үй кешені «Елорда құрылыс» компаниясының қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады. Үлескерлердің саны – 262 адам. Қазір құрылыс салушының қолында барлық қажетті құжаттар бар. Үйді 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Елорда әкімі барған екінші нысан «Жағалау-3» (30 блок) тұрғын үй кешені болды. Мұнда үйді инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Электр, жылу және сумен жабдықтау, жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Қала әкімі Алтай Көлгіновпен кездесу барысында тұрғындар жұмыстар толық жүріп, үйдің көз алдында өзгеріп жатқанын атап өтті. Бұл тұрғын үй кешенінде 300-ден астам үлескер бар.

Қалада барлығы 51 аяқталмаған нысан (76 үй) болды. Биыл қала әкімдігі 3 тұрғын үй кешенін (5 үй) пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізді. Жыл соңына дейін тағы 7 үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.




Наверх