• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қылмыс және оқиғалар

Елордалық полицейлер кісілерді тонаған күдіктіні ұстады

09 қараша, 17:4372
Автор: Elorda Aqparat

Астана қалалық полиция қызметкерлері тонау және ұрлық жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы аудандық полиция басқармасына түнгі мезгілде белгісіз ер адам өзіне күш көрсетіп, ұялы телефонын тартып алғаны жөнінде арыз жазған.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті анықталып, ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған ер адам тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Ол 50 жастағы әйелдің ұялы телефонын қолды қылған. Жәбірленушілер оны таныды. Қазіргі таңда 37 жасар күдікті Астана қаласының уақытша қамау изоляторына қамауға алынды» делінген хабарламада.

ҚР ҚК-нің «тонау» және «ұрлық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Полицейлер жәбірленушілерден заңсыз әрекеттер туралы Алматы ауданының Полиция бөліміне (І.Жансүгіров көшесі, 2) немесе 8 (7172) 71-67-08, 71-68-33 пен 102 нөмеріне хабарласуды сұрайды.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх