• USD 374
  • EUR 423
  • RUR 5.65

Қоғам

Елордалық перзентханада жатырды сақтаудың күрделі отасы жүргізілуде

16 сәуiр, 11:51122
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Астана қаласының №3 перинаталдық орталығының акушер-гинекологтары  плацент бітіп кеткен жатырды сақтау үшін күрделі ота жасауды үйренді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Бас дәрігердің емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Айгүл Дүйсембаеваның айтуынша, бұл әдіс туралы 2015 жылы Ресейде өткен реаниматологтардың конференциясында біліп, сол кезде елордалық перзентхананың акушерлері Қазақстандағы алғашқы отаны жасады.

«Бұл отаға қызуғышылық бұрыннан болды. Конгрессте баяндамаларды тыңдап, техникасымен таныстық. Кесар тілігі арқылы босанған әйелдердің жатырындағы тыртық  салдарынан екінші немесе үшінші рет жүкті болғанда шарана дұрыс орналаспай, тыртықтың маңайына тіреліп алады. Ол аздай плацент жатырдың барлық қабатына бітіп кетіп, тіпті жатырдың сыртына шығып кетеді. Бұл өте агрессивті жағдай, күрделі патология», - деді Айгүл Дүйсембаева.

Бұрын кесар тілігі кезінде мұндай патологиясы бар науқастардың өмірін сақтап қалу үшін репродуктивті органын алып тастайтын.

«Әйел адам жатырында қалған плацентпен жүре алмайды. Науқастарға кесар тілігін жасап, баланы алған соң  көп қан кететін, себебі плацент өсіп кеткен жерден кесетін. Мұндай жағдайда дәрігерлер жатырды тұтас алып тастауға мәжбүр болатын. Басқалай қанды тоқтату мүмкін емес-тін. Қазір жаңа әдістің арқасында жатырды сақтап қалуға болады. Әйелдер репродуктивті органын сақтап, тіпті, сол отадан кейін қайтадан бала тууды жоспарлай алады», - деді дәрігер.

Отаның ерекшелігі – жатыр басқа жерден тілініп, ал зақымдалған жері (плацент бітіп кеткен) содан соң кесіледі. Бүгінгі күні №3 перинаталдық орталықта 7 сәтті ота жасалды.

«Бұл жоғары технологиялық ота плацеттің жатырға бітіпкен кезіндегі  метропластика деп аталады. Біздің орталықта оны үш дәрігер жасайды. Жалпы, бұл ота өте күрделі және оның нәтижесі де әртүрлі болуы мүмкін. Біз, қашанда әйелдің жатырын сақтап қалуды және науқастың қан жоғалту деңгейін төмендетуді көздейміз. Өкінішке қарай, тәуекел бар. Ең бастысы – біздің нәтижеміз өте жақсы – жеті отаның барлығы сәтті өтті. Бірде бір бала реанимацияға түспей, аналары да дендері сау болып шықты», - деді Айгүл Дүйсембаева.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх