• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Елордадағы проблемалы нысанның трансформаторы мен кабельдерін ұрлап кеткен

13 тамыз, 09:45127
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі Алтай Көлгінов «Талисман» тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Нысанда 2017 жылдан бастап жұмыс жүргізілмеген. Жоба бойынша тұрғын үй 170 пәтерге есептелген. 

«2014 жылдан бастап біздің тұрғын үй кешенімізде пәтерлерді сату басталды. 2017 жылдан бері ешқандай да құрылыс жұмыстары жүргізілген жоқ. Біздегі көптеген тұрғындар басқа қалалардан. Біз пәтер жалдап тұрамыз, несие төлейміз. Үнемдеуге тура келеді», - деді проблемалы нысанның тұрғындары.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Тұрғындардың айтуынша, нысаннан трансформатор мен кабельдерді ұрлап кеткен.

«Қазір бізде құжат жоқ. Бұрынғы құрылыс салушымен шартты бұзу үшін қылмыстық тергеу аяқталуы қажет. Тек содан кейін ғана бізді жәбірленуші тарап ретінде таниды және біз шығын сомасын біле аламыз, демек одан әрі жаңа құрылыс салушыға жүгінеміз», - дейді проблемалық нысанның тұрғындары.

Қала әкімі атап өткендей, шығын сомасын анықтау, үйді өлшеу, құжаттарды ретке келтіру және қаржылық модель құру қажет. Екі ай ішінде қала басшысы 37 үлестік құрылыс нысандарын аралап, жартысына қайта барды.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала бойынша барлығы 51 үй салынып бітпеген. Әр әкімдік бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх