• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Елордадағы «7 бөшке» кешені жөндеуден өтеді

10 қыркүйек, 12:1883
Фото Берік Жәкеновтің Facebook парақшасынан Фото Берік Жәкеновтің Facebook парақшасынан

Бүгін Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов «7 бөшке» ТК тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында кешен аумағы жөндеуден өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы аудан әкімі Facebook парақшасында мәлім етті.

«Жұмыс күні «7 бөшке» ТК тұрғындарымен кездесуден басталды. Бұл тұрғын үй кешені 2005 жылы пайдалануға берілген. Осы сәттен бастап үйдің жағдайына байланысты проблемалар да көбейіп келеді. Үйдің қасбеттік бөлігі, ауласы, жеделсатыларын ауыстыру және т.б. мәселелер бар», - деді аудан әкімі.

Оның айтуынша тұрғындар үйге реконструкция жұмыстарын жүргізуді сұрап отыр, алайда ТКШ жаңғыртуды жүргізуге мүмкіндік беретін мұндай әкімшілік бағдарлама бірде-бір мемлекеттік органда жоқ.

«ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, бір тұрғын үйдегі үй иелері оны күтіп ұстау бойынша жалпы шығындарға қатысуға міндетті. Сондықтан біз «7 бөшке» ТК тұрғындарына кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеу бағдарламасына қатысуды ұсындық. Олар да келісімін берді. Енді келесі жылы жұмысқа кіріседі», - деді аудан басшысы.

Берік Жәкенов бүгін сағат 17.00-де қала әкімдігімен Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мамандандырылған уәкілетті ұйым «Өркен қала» ЖШС басшылығымен кездесетінін хабарлады.

«Осы бағдарлама аясында мемлекеттік бюджеттен тұрғын үйлерді жөндеуге ақшалай қаражат бөлінеді. Оның таныстырылымына біздің ауданның тұрғын үй қорына қызмет көрсететін барлық ұйымды шақырамын. Біздің үйіміздің жағдайы тұрғындарға, көппәтерлі тұрғын үйді басқаруға қатысушыларға тікелей байланысты. Ал бұл ортақ мүліктің сақталуы мен тиісті жай-күйін қамтамасыз ету, жұртшылық үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау жөніндегі міндеттердің тұтас кешені», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх