Қоғам

Елордада проблемалы нысандардың құрылысын аяқтауға биыл 6 млрд теңге жұмсалды

06 қараша, 17:4848
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев проблемалы нысандардың мәселесі туралы баяндады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бүгінгі күні елордада 48 проблемалы нысан бар, ол дегеніміз 71 тұрғын үй. Оның ішінде 13 054 үлескер бар. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік бюджеттен 40 млрд теңге қаржы бөлінді, оның 6 млрд теңгесі игерілді және биыл жыл соңына дейін құрылысқа тағы 14 млрд теңге салынады. Ал келесі 20 млрд теңгенің қосымша жұмыстары басталады. Сондай-ақ, осы проблемалы нысандардың құрылысын қадағалайтын компаниялар жауапқа тартылуда. Бүгінгі таңда 90 пайыз жауапсыз құрылыс компаниялардың бірінші басшылары жауапқа тартылды. Яғни оларға қатысты тиісті сот шешімі шығып, жазаларын өтеуде», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Әкім орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда әлі мәселесі шешілмеген құрылыс компаниялар бар.

«Қалған 3-4 тұрғын үй кешені бар, ол «Талисман», «Сулейман». Осы нысандар бойынша құрылыс компаниясы басшыларына қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ол.




Наверх