Қоғам

Елордада қолма-қол ақшасыз есептесуге арналған POS-терминалдар орнатылады

10 қазан, 17:1448

Нұр-Сұлтан қаласында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұлғайту мақсатында POS-терминалдар енгізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қала әкімдігінің Instagram парақшасында жазылғандай, елорда әкімі А.Көлгінов, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры С.Әйтекенов және Mastercard өкілі Н.Виллемемен «Ақылды қалалар, ақылды бағыттар» қалалық туризм бойынша UNWTO VIII жаһандық саммиті аясында кездесу өткізді. 

«Кездесу барысында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу мәселесі талқыланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұлғайтып, елорданың сауда орындарында кассалық аппараттардың болуын бақылауға алуды тапсырды.

Мәселен, Mastercard халықаралық төлем жүйесі әкімдікпен және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп туристік нысандарда (кафе, мұражайлар, галереялар, көрмелер және т.б.)қызметтер мен сервисті кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Көрсетілген қызметтерді қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есебінен төлеуге болады», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, хабарламада қалада қосымша POS-терминалдар орнатылатыны айтылған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх