• USD 385
  • EUR 434

Экономика

Елордада қалалық туризм мәселелері бойынша саммит өтеді

11 қыркүйек, 12:4332
Автор: Elorda Aqparat

2019 жылдың 9-11 қазаны аралығында Тәуелсіздік сарайында VIII «Ақылды қалалар – ақылды дестинациялар» атты жаһандық қалалық туризм мәселелері бойынша саммит өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен БҰҰ-UNWTO Дүниежүзілік Туристік ұйымы ұйымдастырып жатқан шарада қаланы басқару, жаңа инновациялар мен технологиялар, сондай-ақ туризм саласын тұрақты әрі инклюзивті қалаларды дамытуға септігін тигізе алатын құрал ретінде қала өміріне кеңінен енгізу жолдары қарастырылады.

Саммит барысында ұйымдастырылатын панельдік сессиялар, дөңгелек үстел кезінде туристік ағынның біркелкі таралмауы, білікті мамандардың тапшылығы, миграция, жұмыссыздық пен қауіпсіздік сынды өзекті мәселелер талқыланады.

Шараға әлемнің 30 елінен 700 делегат келеді деп жоспарланып отыр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх