Қоғам

Елордада қала туризмі бойынша VIII жаһандық саммиті өтіп жатыр

10 қазан, 10:0973
фото  авторы Сұлтан Сейітов фото авторы Сұлтан Сейітов

Еліміздің бас қаласында UNWTO-ның  «Ақылды қалалар – ақылды дестинациялар» атты VIII жаһандық саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бұл шараға біз біраз уақыт дайындалдық, самиттің елорда мен оның дамуы жолында маңызы зор. Бүгінгі саммитке 80 елден 1400-ден астам адам қатысып жатыр. Қаланы дамытудағы туризмнің алатын орны ерекше. Оның үстіне Нұр-Сұлтан қаласына ақылды қала жүйесіне енгізілуде. Саммитте ақылды қала мен қатар ірі қалалардың проблемасы сөз болады. Сондай-ақ, қала туризмі мен инфрақұрылым ілгерілету бойынша бірқатар кездесулер мен келісімдер жасау күтілуде», - деді қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев саммиттің басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында.

Саммитте ақылды қалалар жиі тап болатын әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талқылау жоспарлануда.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерде еніп жатқан «ақылды  қала» тақырыбына арналады. Оның ішінде ақылды қала арқылы экологиялық инфрақұрылым құру, қылмыс деңгейін азайту, тұрғындар мен қалаға келетін туристердің өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Одан бөлек, саммит аясында UNWTO академиясы мен халықаралық конгресстер және конференциялар (ICCA) қауымдастығы ұйымдастыратын қала туризмі индустриясы бойынша шеберлік сағаттары өтеді деп күтілуде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған халықаралық туризм шарасына 700-ден астам делегат қатысуда.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх