• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қылмыс және оқиғалар

Елордада интернет алаяқтар ұсталды

28 мамыр, 17:31156
Автор: Elorda Aqparat

Астанада хабарландыру арқылы азаматтарды алдап, ақшасын алған бірнеше алаяқтың үстінен іс қозғалды. Атап айтқанда, Қостанай  облысының бірқатар тұрғындары ғаламтор арқылы банктік карталарға ақша аударту әрекеттер жасады, деп хабарлайды Елорда инфо Астана қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілер www.kolesa.kz сайтына автобөлшектерді сату және жеткізумен айналысатындарын айтып жалған хабарлама берген. Қоңырау түскен бойда тұтынушымен кәдімгі саудагер ретінде сөйлескен алаяқтар тауар туралы, оны бірнеше күнде жеткізу жөнінде келісімге келеді. Ақысын көрсетілген есепшотқа алдын ала төлем жасауға көндіреді. Алайда, ақша шотқа түскеннен кейін, ұялы нөмірлерін сөндіріп тастап отырған.

Осылайша, күн сайын сим-карта ауыстырып, әркеттерін жалғастыра берген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ішкі істер департаменті www.kolesa.kz сайты арқылы Виктор Григорян, Геннадий Мартынов, Сергей Титов, Темірлана Бейсен есімді азаматтардың шотына ақша аударып, алданып қалған азаматтар болса 71 63 35, 71 62 91, 71 60 10, 8 701 239 60 00 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Сонымен қатар, интернет сауда кезінде барынша абай болуды ескертеді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх