Тұрғын үй алаптары

Елордада екі көшенің қиылысында су құбыры желілері салынады

02 қазан, 12:01297
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Айнакөл – М.Төлебаев қиылысы және М.Төлебаев – Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысында су құбыры желілерін салу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласының ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, «Астана қаласының тұрғын үй алаптарында инженерлік желілердің құрылысы. Мичурин тұрғын алабы. Интернациональный тұрғын алабы. Су құбырының сыртқы инженерлік желілері» Айнакөл – М.Төлебаев қиылысы және М.Төлебаев – Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысында су құбыры желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр», - делінген басқарманың хабарламасында.

Осыған байланысты 2-25 қазан аралығында көрсетілген учаскеде көліктердің қозғалысы жартылай жабылады.

Елорданың тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх