Тұрғын үй алаптары

Елордада «Алтын Раид» ТК тұрғындары 6 жыл бойы мекенжайға тіркеле алмай жүр

20 қыркүйек, 08:48403
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов таңғы және кешкі аралау барысында проблемалық тұрғын үй кешендерін аралады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

«Ақерке-2» ТК-де есіктерді, терезелерді орнату, қабырғаларды қалау және үйдің шатырын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Барлық үлескерлер саны 168 адам. Нысан 2014 жылы проблемалық деп танылды. Құрылысты 2020 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, А.Көлгінов аталған ТК тұрғындарының сұрақтарын тыңдады. Тұрғындар ауланы абаттандыруды өтінді.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

«Бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Қасымызда мектеп орналасқан, оқушылар жүгіреді. Аула болғанын қалаймыз, балаларымыз үй ауласында ойнап жүрсе, біз де олардың қауіпсіздігі үшін уайымдамаймыз», - деді үй тұрғындары.

Бұл мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ кешкі аралау кезінде А.Көлгінов «Алтын Раид» ТК тұрғындарымен кездесті. Құрылыс 2005 жылы басталды, алғашқы тұрғындар үй пайдалануға берілгенге дейін алты жыл бұрын пәтерге кірді. Қазір үйді мекенжайға тіркеу, пайдалануға беру бойынша рұқсат беру құжаттары әзірленуде. Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Үй қасбеті мәселесі өзекті, қандай схема бойынша жұмыс жүргізілетінін шешу үшін тұрғындар бір пікірге келуі қажет.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Айта кетейік, қалада барлығы 51 проблемалық нысан (76 үй) бар. Осы жылдың соңына дейін 10 ТК пайдалануға беріледі. Ұзақ құрылыс жұмыстарының барысын «Nur Otan» және мәслихат депутаттары бақылайды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх