• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Жұмыс, медициналық көмек, баспана. Қала әкімінің қабылдауында болған тұрғындардың басты мәселесі қандай

12 қыркүйек, 10:3447
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдікке сілтеме жасап.

Тұрғындардың негізгі сұрақтары жұмысқа орналасу, медициналық көмек алу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу туралы болды. А.Көлгінов мемлекет басшысының тапсырмасына орай келесі жылы қолжетімді тұрғын үй көлемі 3 есеге артатынын атап өтті. Егер жаздың ортасында тұрғын үйге кезекте 45 мың адам тұрса, қазір - 47,5 мың адам тұр.

Мәселен, қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың бірі Нұрзина 2011 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұр. Ол елордадан Екібастұзға көшу бағдарламасына қатысуға өтініш бергісі келеді. Оны резервтік тізімге енгізді.

Ал келесі азамат балаға қосымша курстарды ұйымдастыру және киім алуға көмек көрсету сұрағымен жүгінді. Оған бұрын «жалпыға міндетті оқу» қоры бойынша сертификат берілді.

2,5 айда А.Көлгінов 300-ден астам адамды қабылдады. Өтініш білдіргендердің мәселелерін шешу бақылауға алынды.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Сондай-ақ, қала әкімі «Жанұя» институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдайды. «Бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам қызмет көрсетіледі. Ашылған сәтінен, яғни 26 тамыздан бастап орталыққа 1,5 мыңға жуық адам өтініш білдірді, 2 мыңнан астам сұрақ қойылды.

Қызметкерлер жүйелі кеңестер беріп, мәселелерді шешу үшін шаралар қабылдады. Азаматтарды қабылдауға аудан әкімдері, басқарма басшылары, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және т.б. қатысады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх