• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қоғам

Елорда тұрғын үйлеріндегі 12 лифтіні ауыстыруға 100 млн теңгеден астам қаржы бөлінді

09 қараша, 15:4964
Сурет интернеттен алынды Сурет интернеттен алынды

Астана қаласының мәслихат депутаттары бас қаланың бюджетіне енгізіліп жатқан өзгерістерді мақұлдады, соның ішінде көп пәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі жолаушылар лифтілерін ауыстыруға қаржы бөлу мәселесі де бар, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына көп пәтерлі тұрғын үй кешендеріндегі 12 лифтіні ауыстыруға қосымша 100,8 млн теңге қарастырылған», - деді қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қалалық Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов.

Бұдан бөлек, Қалалық ортаны регенерациялау басқармасына қосымша 50 млн теңге қарастырылған, оның ішінде Асан қайғы, 56 көшесіндегі №8 орта мектеп ғимаратын реконструкциялау жобасын бастауға және №28 мектептің жапсарлас ғимаратының құрылысын жалғастыру бар.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

Наверх