• USD 368
  • EUR 423.5
  • RUR 5.67

Қоғам, Астанаға 20 жыл

Елорда тарихын таныстыратын «Астана тарихы» атты жастар арасында конкурс басталды

11 маусым, 08:48143

«Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда Астана қаласының 20 жылдығы аясында «Астана тарихы» атты квест бастау алды, деп хабарлайды Елорда инфо әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шараға 22 топ қатысып жатыр, әр топта 8-10 адамнан, ең жас қатысушы – 12 жаста.

 

Жобаның басты мақсаты қаламыздың тарихы туралы айту және Астана қаласындағы қасиетті орындар туралы мәлімет беру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Астананың 20 қыры» конкурсының аясында өтуде.

«Тапсырма ала отырып қала тарихымен танысудың жақсы мүмкіндігі. Бұндай ерекше шараны өткізудің бастаушысы қала әкімдігі. Біз өткен тарих пен қазіргі күнгі жетістіктерді қосып IT технологияны қолдана отырып жасап шықтық», - деді шараны ұйымдастырушы, «Взаперти» компаниясының өкілі Исабай Есмағамбетов.

 

Оның айтуынша, қатысушылар 5 этаптан өтуі тиіс, олар 10, 17, 23, 24 маусымда және қорытынды шара 1 шілде күні өтеді. Осы күні жеңімпаз анықталады.

Конкурсқа катысушылар түрлі форматтағы тапсырмаларды берілген локацияларда орындауы тиіс. Мысалы, бүгін «Бәйтерек» монументі алдынан бастау алып «Мәскеу» бизнес орталығы, министрліктер үйі, «Астаналық» және «Хан шатыр» СОСО-на жетулері тиіс.

«Шатасу және келіспеушілік болмау үшін әр локацияда екі координатор тұрады, олар уақытты белгілеп келесі тапсырманы береді», - дейді И. Есмағамбетов.

 

Оның сөзінше, конкурска қатысушылар тапсырмаларды QR-код пен жасырылған конвертте алады, оны сканерлеп алады да тапсырманы орындауға кіріседі. 

«Осындай шараларға қатысып ондағы тапсырмаларды орындау арқылы біз қаламыздың тарихы туралы мол мәлімет аламыз. Біз квестке жиі қатысамыз, демалыс күндерін көңілді және тиімді өткізу үшін осындай шаралар жиі өтсе деген тілегім бар», - дейді квестке қатысушы Юрий Васильев.

Жеңімпаздар ақшалай марапатталады. Бірінші орын алған топқа – 300 мың тг, екінші орынға – 200 мың тг, үшінші орынға – 100 мың тг беріледі.

 

Наверх