Қоғам

Елорда әкімі көпірден секірмек болған азамат туралы пікір білдірді (видео)

20 қыркүйек, 21:42138
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Василий Крась/Elorda Aqparat Фото авторы Василий Крась/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов көпірден секірмек болған азамат туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты. 

"Өзін дөрекілеу ұстаған жігітпен сөйлестік. Біріншіден, әкенің жауапкершілігі болуы керек. Қазақша айтқанда, тепсе темір үзетін жігіт, білдей азаматсың, аяқ-қолың сау, жұмыс істеу керек, жұмыс жағынан көмектесейік дедік. Оның екі баласы бар екен, бір баласының денсаулығы нашар, жолдасы үйде, ер-азамат өзінің отбасына жауап беруі керек деп түсіндірдік. "Еңбек" бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етілетінін айттық. Жігіт қазір ойланып жатыр", – деді қала әкімі.

Сонымен қатар қала басшысы елордалық 210 отбасы, яғни 1600 адамның Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударғанын атап өтті.

"Онда баратын адамдар әлеуметтік топқа жататындар болуы керек, бірақ дипломы болуы тиіс. Ал көпірге шыққан әйел адамға келсек, оған бірнеше рет айтылды. Әрине, мұқтаж адамдармен әрі қарай жұмыс істейміз. Бірақ заңды бұза алмаймыз. «Жанұя» орталығына шақырып, тағы да сөйлесеміз. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін, Президенттің тапсырмасына сәйкес, қолжетімді баспананың санын үш есеге көбейтеміз", – деді А.Көлгінов.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх