• USD 362.5
  • EUR 412.9
  • RUB 5.45

Қоғам

Елорда әкімдігі тұрақты тасымалдау бағдарлары қызметіне конкурсқа қатысуға шақырады

16 мамыр, 15:1852

Астана әкімдігінде Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау бағдарларына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткiзіледі, деп хабарлайды Елорда инфо Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап. Конкурсқа меншікті немесе жалға беру құқығына ие автокөлік құралдары (автобустар) бар кез келген заңды және жеке тұлғалар меншік формасына қарамастан қатыса алады.

1. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақрылымын дамыту басқармасы» ММ, 2018 жылдың 19 маусымында сағат 15.00-де, Астана қаласы Бейбітшілік көшесі 11, 544 кабинетінде өтетін жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау бағдарларына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс туралы хабарлайды.

2. Конкурсқа төмендегі бағдарлар шығарылады:

№ 1 лот - № 1 және № 24 бағдарлар; № 2 лот - № 7 және № 16 бағдарлар;

№ 3 лот - № 15 және № 80 бағдарлар; № 4 лот - №11 және №35 бағдарлар;

№ 5 лот - № 47 және № 71 бағдарлар;№ 6 лот - № 39 және № 54 бағдарлар;

№ 7 лот - № 36 және № 72 бағдарлар; № 8 лот - № 5 және № 13 бағдарлар;

№ 9 лот - № 53 және № 70 бағдарлар; №10 лот - № 33 және № 34 бағдарлар;

№ 11 лот - № 14 және № 37 бағдарлар; № 12 лот - № 101 және № 105 бағдарлар; № 13 лот - № 102 және № 103 бағдарлар; № 14 лот - №№ 100, 104 және 107 бағдарлар; № 15 лот - № 301 және № 316 бағдарлар;

Қажетті автобустардың саны (міндетті түрде резервтермен): № 1 лот бойынша - 27 бірл.; № 2 лот бойынша - 24 бірл.; № 3 лот бойынша - 27 бірл.; № 4 лот бойынша - 25 бірл.; № 5 лот бойынша - 27 бірл.; № 6 лот бойынша - 21 бірл.; № 7 лот бойынша - 22 бірл.; № 8 лот бойынша - 25 бірл.; № 9 лот бойынша - 17 бірл.; № 10 лот бойынша - 16 бірл.; № 11 лот бойынша - 20 бірл.; № 12 лот бойынша - 12 бірл.; № 13 лот бойынша - 14 бірл.; № 14 лот бойынша - 17 бірл.; № 15 лот бойынша - 16 бірл.; № 16 лот бойынша - 12 бірл.; № 17 лот бойынша - 15 бірл.; № 18 лот бойынша - 14 бірл.

Конкурсқа меншікті немесе жалға беру құқығына ие автокөлік құралдары (автобустар) бар, кез келген заңды және жеке тұлғалар, меншік формасына қарамастан қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурс комиссиясына конкурсқа қатысу туралы жазбаша өтініш тапсырып, конкурс құжаттарының пакетін ақысыз алуы тиіс. Қатысушылар конкурс құжаттарымен белгіленген уақыт аралығында танысып, қажетті деген формаларын толтырып және конкурс комиссиясының хатшысына 2018 жылғы 11 маусым, сағат 15.00-ге дейін тапсыру тиіс.

Белгіленген уақыттан кешігіп түскен құжаттар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Кәсіпорын орналасқан (қоныс аударған) жердегі жылжымалы құрам, сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жылжымалы құрамды жөндеуге арналған өндірістік-техникалық, диспетчерлік және медициналық пункттер конкурс өткізілгенге дейін конкурс алдындағы комиссиямен барып тексеріледі.

Конкурс жеңімпазымен Астана қаласының жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тұрақты республикаішілік тасымалдауға қызмет көрсету құқығына 5 жыл мерзімге келісім шарт жасалады.

2018 жылғы 23 мамырда сағат 10.00 конкурс комиссиясы Бейбітшілік к-сі, 11, 547 кабинет мекен-жайында конкурс алдында қатысушылардың конкурс өткізуге қатысты барлық сұрақтарына жауап беруге конференция өткiзедi.

Конкурс құжаттарының пакетін, маршруттардың негізгі сипаттамаларын және конкурс өткізудің тәртібі мен шарттары бойынша қажетті анықтамаларды Бейбітшілік к-сі, 11, 528 кабинет мекен-жайында конкурс комиссиясының хатшысынан алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефон № 556745, (1480)

 

 

Наверх