• USD 364.5
  • EUR 415.2
  • RUB 5.55

Билік

Елімізде 4,5 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер қысқаруы мүмкін

14 маусым, 10:31146

Елімізде 4600 мемлекеттік қызметкер қысқаруы мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бас қалада өткен мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді, - деп хабарлайды Елорда инфо.

«Оңтайландыру мақ­сатында кадрлық іс-қағаздарын жүргізу мен еңбекақыны есептеу бойынша қызмет көрсету орталығын іске қосамыз. Содан соң 50 мемлекеттік қызметкерді қысқарту арқылы агенттікте жылына 180 млн теңгені қосымша үнемдеуге болады деген нәтижені күтіп отырмыз. Апробация жүзеге асқан жағдайда бұл жобаны барлық мемлекеттік аппаратта іске қосамыз», - деді Алик Шпекбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, алдын ала есептеулер бойынша, 4600 қызметкерді қамтитын оңтайландыру жылына 5,5 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

 

Наверх