• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

12 шiлде, 12:192108
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Радмир Фахрутдинов Фото авторы Радмир Фахрутдинов

Қазгидромет 13-15 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ирак және Иран аймағынан үздіксіз түсіп жатқан ыстық және құрғақ ауа, Қазақстанда күннің ыстық болуының себебі. Демалыс күндері еліміздің көптеген облыстарында максималды температурасы 35…40°С болатын ыстық күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде бұдан да ыстығырақ, мұнда күндіз плюс 40…45°С. Шығыста аздап салқындау, кейбір аудандарда өткінші жаңбыр болуы мүмкін және күндізгі температура плюс 25... 35°С-тан жоғары.

Сондай-ақ Қазақстанның қиыр батысында атмосфералық фронттардың өтуімен кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр және ыстықтың басылуы болжанады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх