• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Қазақстанда «Қамқор Green» жобасы жүзеге асырылады

14 тамыз, 15:39102
Автор: Elorda Aqparat

«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының бас директоры Диас Сүлейменов теміржол саласының экологиялық тұрғыда «қайта жүктеу»  бағытындағы «ҚАМҚОР GREEN» жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Елорда Инфо

«ҚАМҚОР GREEN» ең алдымен Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшуі туралы Елбасының бастамасын қолдауға арнап құрылып отыр.

Жиын барысында Диас Сүлейменов БАҚ өкілдеріне Қазақстанның темір жол саласындағы ірі сервистік холдинг болып саналатын, еліміздің әр өңірінде 11 000 қызметкері бар «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобын дамытудың «Жасыл тұжырымдамасын» таныстырды. Бұл компанияның 100-ден астам өндірістік бөлімшесі бар. Олардың негізгі бөлігі шағын қалаларда орналасқан.

Айта кетейік, 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғандықтан «ҚАМҚОР GREEN» бағдарламасы компанияның жастар қанатына сеніп тапсырылды.

Қазіргі уақытта бағдарлама 10 жылға есептеліп отыр және көптеген экологиялық маңызды жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Олардың арасында қоршаған ортаны ластайтын қалдықтарды азайту мақсатында газды жылытуға көшу, сол сияқты жаңартылатын энергия көздерін және баламалы энергетикалық технологияларды пайдалану секілді бірнеше жоба бар.

14 қыркүйекте Аягөз, Шалқар, Қазалы және Шар секілді шағын қалаларда 2000 қылқанжапырақты көшеттерді отырғызу бойынша «Kamkor Park» бірінші акциясы өтеді. Дәл осы күні бүкіл Қазақстан бойынша холдинг кәсіпорындарының 11000 қызметкері «Таза Қазақстан» ауқымды акциясын өткізеді.

Жиын соңында «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» мен «Қамқор менеджмент» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх