• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Bookcrossing: Елордада кітапқұмарлар алаңы ашылды

11 қыркүйек, 12:2967
Фото авторы Василий Крась Фото авторы Василий Крась

Астаналық кітапқұмар жандарға арналған буккроссинг орны ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Елорда бойынша буккроссинг нүктелері адамдар көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары, жоғары оқу орындары мен қоғамдық жерлерде орнатылады.

Бүгін Қазақ бизнес және технология университетінде жобаның алғашқы ашылу салтанаты өтті.

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась

«Жалпы буккроссинг ұғымы ол әлемдік тренд, әсіресе Еуропа елдеріне барсаңыз, қоғамдық орындарда буккроссинг алаңын көптеп кездестіресіз. Оның ішінде автобус және метро аялдамаларында. Оның ережесі бойынша кез келген адам қалаған кітабын алып оқиды да қайта орнына қойып қояды. Кітаптар елден елге, қаладан қалаға саяхат жасайды. Сондай мүмкіндік міне бүгін астаналықтарда да бар. Әрине әзірге бізде қор аздау, дегенмен уақыт өте келе көбейеді деген үміттеміз. Және де елорда тұрғындары кітапты оқуға алумен қатар, кітаптар әкеліп өз үлестерін қосуға да болады. Ең басты өтініш оқырмандардан оқуға алған кітаптарын, оқып болған соң орнына қайта әкеліп қоюын сұраймыз», - деді «Social Development Center» қоғамдық бірлестігінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Бейбіт Тұрабаев.

Шара ұйымдастырушылары буккроссингпен қатар адамдарды кітап оқуға қызықтыру мақсатында басқа да шаралардың қолға алынғанын айтты.

«Біз жақында «10 апта – 10 кітап» челленджін бастадық. Аты айтып тұрғандай біз оқырмандарға 10 кітапты ұсынамыз ол кітаптарды 10 аптаның ішінде оқып бітіуі тиіс. Содан соң Instagram парақшамыз арқылы сауалнама жүргіземіз. Кім сынақтан өтеді, оларға 10 мың теңге көлемінде сыйақымыз бар. Ал басты жеңімпазға Еуропаға саяхаттау мүмкіндігі беріледі. Осындай шара арқылы қазақстандықтарды кітап оқуға ынталандырғымыз келеді», - деді ол.

Оның мәлімдеуінше, буккроссинг орталығы алғаш болып Талдықорған қаласында ашылған. Және алдағы уақытта республика бойынша 17 кітап алмастыру шарасын өткізу жоспарланып отыр.

Фото авторы Василий КрасьФото авторы Василий Крась

Айта кетейік, аталған жоба қала әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы және «Social Development Center» қоғамдық бірлестігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау» КЕАҚ-ның гранттық қаржыландыруы арқасында жүзеге асырылуда.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх