• USD 328.5
  • EUR 387.2
  • RUB 5.4


Қоғам

Биыл азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін 1,9 триллион теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр

19 қаңтар, 12:05164
Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Жаңа жылдан бастап еліміздің әлеуметтік-еңбек саласында өзгерістер орын алғаны белгілі. Мысалға, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға, базалық зейнетақы 6 пайызға өсті.

Биылғы 1 шілдеден бастап 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Нәтижесінде, зейнетақының орташа мөлшері шамамен 82 мың теңгені құрамақ. Ескере кетер жайт, құзырлы органның хабарлауынша, ағымдағы жылы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін 1,9 триллион теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр.  

Мамандардың мәлімдеуінше, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі, 2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін 12 719 теңге және жасына қатысты  12 719 теңге болды.

2018 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 16%-ға артты. Осылайша, жалпы ауруға шалдыққан бірінші топтағы мүгедек – 54 306 теңге, екінші топтағы мүгедек – 43 275 теңге, ал үшінші топтағы мүгедек – 29 416 теңге мөлшерінде жәрдемақы алмақ. Аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі биыл 326,8 млрд теңгені құрамақ.

«Өз жолдауында Мемлекет басшысы бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін олар кәмелетке толғаннан кейін де қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды. Бүгінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы жалақының 1,05 айлық мөлшерінде төленеді (2018 жылы – 29 696 теңге)» деп пікірін білдірген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова биылдан бастап 2027 жылға дейін, жыл сайын 6 айдан жүзеге асырылатын әйелдердің 58 жастан 63 жасқа дейінгі зейнеткерлік жасын кезең-кезеңмен арттыру көзделгенін де еске салды.

«Егер бүгінде бұл реформа жасалмаса, онда болашақта әйелдер төменгі ынтымақты зейнетақымен қамтыла алмай және жинаған зейнетақы жарналары тиісті көлемінде болмай, жоғарғы зейнетақысыз қалып қоюы мүмкін» деп ескертті вице-министр.


Наверх