• USD 328.5
  • EUR 387.2
  • RUB 5.4


Қоғам

Биыл Астанада 65 көше жөнделеді

16 мамыр, 12:4788

Осы жылы Астана қаласында ұзындығы 46 шақырымды құрайтын 65 көшеге жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Елорда инфо қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Қала бойынша жыл сайын жолдарды орташа жөндеу (шұңқыр) жұмыстары жүреді. Сондай-ақ, «Астана су арнасы» су құбыры мен канализация желілерін және маңы ойылып қалған су құбыры құдықтарының айналасына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

«Осы жылы Астана қаласында ұзындығы 45,95 шақырымды құрайтын 65 көшеге жөндеу жүреді. Оның 15-і орталық көше, қалған 50-і тұрғын үй алаптарында орналасқан», – деп хабарлады Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының жолдарды салу және жөндеу бөлімінің басшысы Асқар Исаков.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар


Наверх