• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Бердалин: Ет өнімдері нарығында ветеринарлық бақылаудың болмауы – парақорлық

12 қыркүйек, 16:3862
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Ет өнімдері нарығында ветеринарлық және эпидемиологиялық бақылаудың болмауы – бұл парақорлық. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Кәсіпкерлердің қызметінде бақылаудың жеткіліксіздігі мен ашықтықтың болмауына ет өнімдерін жеткізушілер ветеринария қызметкерлеріне пара беруді қалыпты құбылыс деп санайды. Бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады», - деп атап өтті Арман Бердалин.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта пара бергені үшін 15-тен астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген жұмыстың нәтижесінде, коммуналдық базарға ет өнімдерін жеткізетін азаматтар ветеринарларға әр малдың етіне 3-5 мың теңге көлемінде пара беретіні анықталды. Нәтижесінде оларға жеткізілетін еттің ешқандай ауруы жоқ екендігі туралы ветеринарлық анықтама беріліп отырған.

«Нарыққа түсетін барлық ет тиісті ветеринарлық тексеруден өтпей халыққа емін-еркін сатылып жатқаны анықталды», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, А.Бердалин осы жылдың тамыз айында Ақмола облысы Аршалы ауданының бір ауылында ауру малдар сойылып, сібір жарасы өршіп, нәтижесінде осы ауылдың 4 тұрғыны қауіпті ауруға шалдыққанын қозғап өтті. Уәкілетті орган тиісті шаралар қолданғанына және ауру ошағын жойғанына қарамастан, алдағы уақытта мұндай ет халыққа сатылмайтынына кепілдік жоқ.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх