• USD 385
  • EUR 434

Тұрғын үй алаптары

Байқоңыр ауданында жаяужолдар түрлі-түсті тас төсемесімен салынып жатыр

10 қыркүйек, 13:5795
Автор: Elorda Aqparat
Фото А.Есіловтің Facebook парақшасынан Фото А.Есіловтің Facebook парақшасынан

Байқоңыр ауданындағы жаяужолдар түрлі-түсті тас төсемесімен салынып жатыр. Бұл туралы Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Түрлі-түсті тас төсемесін салуды бастағалы тұрғындардан жағымды пікірлер көп келуде. Бірі өз ауласында сондай жаяужол салуды сұрап жатса, тағы бір тұрғын балаларға түрлі-түсті жолдың ұнағаны сонша, арнайы барып тек сол жерден ғана өтетін көрінеді. Ол дегеніміз керемет емес пе! Жаяу жүрген пайдалы», - деп жазды Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов.

Сондай-ақ 100 м-ге жуық жаяужол (ол да түрлі-түсті) Республика даңғылы, 26 мекенжайында салынып жатыр.

Фото А.Есіловтің Facebook парақшасынанФото А.Есіловтің Facebook парақшасынан

Фото А.Есіловтің Facebook парақшасынанФото А.Есіловтің Facebook парақшасынан

Фото А.Есіловтің Facebook парақшасынанФото А.Есіловтің Facebook парақшасынан



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх