• USD 367
  • EUR 431
  • RUB 5.55

Спорт

Бас қалада хоккей жұлдыздарының ойындары басталды

11 қаңтар, 09:56185
Автор: Elorda Aqparat

«Барыс Арена» мұз айдыны кешенінде жанкүйерлер асыға күткен «Хоккейдің жұлдызды апталығы» басталды. Жыл сайын Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясында «Жұлдыздар матчы» болып өткізілетін дәстүрлі шара биыл жаңаша сипатта ұйымдастырылып отыр.  14 қаңтарға дейін жалғасатын апталық ­барысында көптеген қызықтарға куә болмақпыз, деп хабарлайды Елорда инфо.

Атап айтқанда, мұз ала­ңындағы сайыстарды тамашалауға келген жанкүйерлер түрлі ойын-сауықтарға қатысып, мерекелік көңіл күйге бөленеді. «Барыс Арена» мұз айдынында хоккей апталығының шымылдығын алғашқы болып әйелдер лигасының үздіктері ашты. Алғашқы ойынның алдында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  жанкүйерлерді хоккей мерекесімен құттықтап, ойыншыларға сәттілік тіледі. Әйелдер хоккей лигасы жұлдыздарының матчына еліміздің «Айсұлу» және «Томирис»  командаларының спортшылары қатысты. Ал үзіліс барысында Құрлықтық хоккей лигасының үздіктері жылдамдыққа байланысты, сондай-ақ техникалық жаттығуларды көрсетіп, жанкүйерлердің көңіл күйін көтерді. 
Ал жастар арасындағы хоккей лигасының ойыншылары бүгін сағат 18:30-да ойнайды. Олар дәстүр бойынша «Шығыс» және «Батыс» болып бөлініп, жекпе-жекке шығады. 13 қаң­тар күні сағат 13:00-де лиганың үздік ойыншылары мас­тер-клас өткізіп, жасөспірім спортшылармен хоккейдің қыр-сырымен бөліседі. Келесі күні өтетін кездесуде Құрлықтық хоккей лигасындағы барлық үздік ойыншылардан жасақталған екі команда бақ сынасады. Бұл ойынға астаналық «Барыс» командасының хоккейшілері де қатысады.
 

 

Наверх