• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қоғам

«Азбука жилья» нысандарын «Орда инжиниринг» аяқтамайтын болды

08 қараша, 15:4276

«Орда инжиниринг» ЖШС Астанадағы проблемалы нысандарды салып аяқтамайтын болды. Бұл туралы Қала құрылысы кеңесіне қалалық әкімдіктің үлескерлік құрылыс жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (ВАК) мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, «Орда инжиниринг» ЖШС құрылыс-жобалау компаниясы басқарушы компания мәртебесінде «Азбука жилья» кешенінің проблемалы құрылысын салып, аяқтауы тиіс болатын.

«Белгілі болғандай, ол кезде 11 нысанды салып бітіру керек-тін. Біраз уақыттан соң аталған проблемалы құрылыстың 4 нысаны аяқталды. Қалған жеті тұрғын үй кешенінің жартысынан көбі рентабеллді емес деп танылды. Басқа сөзбен айтқанда, салынып жатқанда барлық алаңы сатылып кетті. Қалған және бос алаңды сатудан түскен ақшаның құрылысты аяқтауға жетпейтіні түсінікті болады. «Азбука жилья» ЖШС-нің профильді емес активтерін сату керек деп шешілді, оның ішінде бұрынғы совхоз, кеңсе ғимараттары, сүт өңдеу зауыты және т.б.бар. Осы және құрылыс жұмыстарымен басқарушы компания айналысуы керек болды. Ал сатылымнан түскен ақшаны бірден құрылысты аяқтауға бағыттау қажет-тін. Алайда бір жылдан соң ВАК «Орда инжиниринг» ЖШС басқарушы компанияның рөлін тиімді атқара алмағанын мойындады. Нәтижесінде биылғы жылы басқарушы мәртебесін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-на беру туралы шешім қабылданды. Және де «Орда инжиниринг» ЖШС проблемалы нысанды аяқтаудың үш жақты келісімде бар» делінген хабарламада.

Бұған қоса, басқарма ол компанияның аяқтауды қажет ететін ТК жобалық-сметалық құжаттамаларын жасаумен айналысқанын түсіндірді.

«Басқарушы компания мәртебесін беру кезіндегі инвентаризация ЖСҚ бір бөлігі қателіктермен жасалғанын көрсетті. Қолданыстағы ережеге сәйкес, ЖСҚ ескертулерді қателікке жол берген компания жоюы тиіс. Әйтпесе, «Орда инжиниринг» ЖШС-нің орнына таңдалған компания бұл жұмысты сот процесстерінен соң, «таза парақтан» жасауы тиіс болады. Проблемалы нысандарды аяқтау процесін созып жібермес үшін, «Орда инжиниринг» ЖШС келісімнің бір жақтасы ретінде қалдырылды. Құжатта «Орда инжиниринг» ЖШС-нің рөлі мен міндеттері көрсетілді, ол тек ТК аяқтау кезіндегі жұмыстарда жіберген қателігін түзетумен айналысады», - делінген ақпаратта.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде «Орда инжиниринг» ЖШС компаниясының активтеріне шектеу қойылды.

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх