• USD 385
  • EUR 434

Қоғам

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселесі бойынша call-орталығы іске қосылды

29 наурыз, 11:391310
Автор: Elorda Aqparat
Сурет ашық дереккөзден алынды Сурет ашық дереккөзден алынды

Елімізде 1 сәуірден бастап аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы күшіне енеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Осыған байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «111 шұғыл қызмет» бірыңғай байланыс орталығы базасында атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін «шұғыл желі» ашылды.

Енді «111» тегін нөмірі бойынша анықтамалық ақпаратты, мамандардың кеңестерін және атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға, жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге де түрлерін ұсынуға қатысты сұрақтарға жауаптарды алуға болады.

Министрлік атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш берген күнге байланысты болмайтынын еске салады. Мысалы, егер өтініш беруші уәкілетті органға құжаттарды 20 сәуірде ұсынса, онда ол сол айға толық төлемді алады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қосымша анықтамалық ақпаратты 8 (7172) 55-68-40, 8 (7172) 55-68-00 нөмірлері бойынша алуға болады.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтары мен балалары үшін «111 шұғыл қызметі» 2016 жылы балалар мен азаматтардың күрделі өмірлік жағдайларын жедел шешуге көмек көрсету, әлеуметтік, психологиялық, заң және ақпараттық, еңбек мәселелері және халықты азаматтардың құқықтары туралы ағарту мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету мақсатында құрылды.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх