• USD 372.9
  • EUR 424
  • RUR 5.61

Қылмыс және оқиғалар

Астананың полицейлері медициналық маска киген қарақшыны іздестіруде

18 сәуiр, 12:51230

Елорда полицейлері күш көрсету арқылы ақша ұрлап кеткен адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада 17 сәуір күні сағат шамамен 18.00 кезінде С.Сейфуллин көшесіндегі ғимараттың бірінен күш көрсету арқылы ақшаны тонап кеткен ер адамды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары өтіп жатыр.

«Аталған қылмысты жасалған күдікті ретінде: 25-30 жас аралығындағы азияттық сипаттағы жігіт, бойы 160-165 см, орта денелі, көк күртеше, қала түсті шалбар мен қою сұр түсті бас киім мен медициналық маска киген адам іздестірілуде», - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Осыған орай Астана қаласының ІІД қала тұрғындарын қандай да бір мәлімет болса  8(87172) 71-66-40, 38-28-08  және  87011880462 телефондары арқылы хабарлауын сұрайды.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар

БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх