• USD 343
  • EUR 397
  • RUB 5.45


Қоғам

Астананың іргесіндегі ауылдарға қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды

11 қаңтар, 10:09137
Автор: Elorda Aqparat

Астанада қатты дауыл соғуына байланысты қала төңірегіндегі елді-мекендерге  қатынайтын қоғамдық көлік бағдарлары тоқтатылды, деп хабарлайды Елорда инфо «Астана LRT» компаниясының мәліметіне сүйеніп.

«Ауа-райының қатты құбылып, боранды-дауыл соғуына байланысты жолдар жабылып, қала төңірегіне қатынайтын қоғамдық көліктердің бағдары уақытша тоқтатылды. Атап айтқанда, қала шетіне қатынайтын № 300, № 301, № 302, № 305, № 306, № 307, № 308, № 309, № 310, № 311, № 312, № 315 и № 316 маршруттар тоқтады. Көліктер қозғалысының бағдарын қайтадан іске қосу туралы мәлімет қосымша хабарланатын болады», - делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында. 

Сондай-ақ,  Павлодар, Қарағанды, Щучинскіге дейін, Қорғалжын кенті және Қостанай бағытындағы Жақсы ауылына дейінгі жолдардың да жабылғаны жайлы «Қазавтожол» ЖШС хабарлады.  

Ақтөбе облысындағы автожол учаскелері де жабылған - Әйтеке би қаласы (1240-1474 км автожолдар Самара — Шымкент).

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласы бағытындағы учаскелерде жүруге тиым салынды  - Ұлытау кенті (24 км Жезқазған - Петропавлоск жолдары) барлық көлік қозғалыстары үшін жолдар жабылған.

 


Наверх