• USD 343
  • EUR 397
  • RUB 5.45


Қоғам

Астананың бір дүкенінен мерзімі өтіп кеткен 35 өнім тәркіленді

14 маусым, 10:5760

Сарыарқа ауданындағы дүкеннің бірінен жарамдылық мезімі өтіп кеткен 35 азық-түлік өнімі анықталды. Олардың мерзімі екі күннен 5 айға дейін өтіп кеткен, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментіне сілтеме жасап. 

«Сарыарқа ауданының Қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының мамандарымен азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде Есенберлин көшесі, 38 үй мекен-жайында орналасқан «Сұңқар» дүкенінде пайдалануға жарамсыз 35 түрлі өнім анықталды. Өнімдердің пайдалану мерзімінің өтіп кеткеніне 2 күннен 5 айға дейін уақыт болған», - делінген хабарламада. 

Анықталған жарамсыз өнімдердің қатарында күріш, дәнді дақылдар, кондитер өнімдері (тоқаш, какао-вафли, кәмпит, сүтті шоколад), нан өнімдері (қытырлақ нан, тоқаштар), сүт өнімдері (сүт, ірімшік, ішімшік десерті), ет консервілері, соустар, чипсы, кетчуп және т.б. болды. 
Мәселен, Италияда жасалған «Kinder Delice» бисквитті сүтті тоқашының дайындалған мерзімі 13.10.17 жыл, ал пайдалану мерзімі 10.02.18 жылға дейін деп көрсетілген.

«Мониторинг кезінде тез бұзылатын және кремді-кондитерлік өнімдердің тіисті құжат пен маркілеусіз жаппай сату фактісі анықталды. Белгілі болғандай бірқатар кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігін растайтын және рұқсат құжаттарының жоқтығы белгілі болды. Осыған орай, департамент тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде оның сыртында көрсетілген дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және т.б.растайтын мәліметтермен мұқият танысуларын сұрайды», - делінген Астана қаласының қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің Facebook  желісіндегі парақшасында. 

 Сондай-ақ ведомство қала дүкендерінде қандай да бір мерзімі өтіп кеткен өнімді анықтаған жағдайға аумақтық Қоғамдық денсаулықты қорғау органдарына хабар беру қажеттігін ескертеді.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар


Наверх